Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыр салмақты көліктер үшін уақытша шектеулер енгізілді

01.07.2021, 13:30 337

HALYQLINE.KZ Жазғы уақытта ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер жылда енгізіледі.

Осылайша, еліміздің солтүстік аймақтарында шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер 11:00 мен 21:00 сағат аралығында сақталады.

Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, сағат 10:00-нан 22:00-ге дейін сақталады.

Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК

Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: