HALYQLINE.KZ Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Қызылорда облысы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларымен 40 ауылдық округтері әкімін сайлау 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалды.
Аталған сайлауға еліміздегі бірден-бір беделді саяси ұйымдардың бірі – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидаттар қатысуда.
Осы мақсатта 2021 жылдың 02 маусымында сағат 10.00 Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 25-б, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС конференция залында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қызылорда облысы бойынша қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша біздің партияның атынан да кандидаттар ұсынылды. Әрине, ауыл әкімдерін сайлау және оған қоғамның мүшелерінің қатысуы демократиялық үрдістерінің орнауының көрінісі болып табылады. Біздің облыста 40 ауыл әкімдерін сайлау жоспарланып отыр. Сондықтан бүгінгі күнге дейін Арал ауданы бойынша 3 ауылдық округінің әкімдігіне кандидаттар ұсыну, Қазалы ауданы бойынша 1 ауылдық округінің әкімдігіне кандидат ұсыну және Жаңақорған ауданы бойынша 4 ауылдық округінің әкімдігіне кандидат ұсынып отырмыз.
Ауыл халықтық-демократиялық патриоттық партиясының
облыстық филиалының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!