Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімінің орынбасары ауылдарды аралады

12.07.2021, 15:10 418

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов арнайы жұмыс сапарымен Жиделіарық және Керделі ауылдық округтерді аралап, егістік алқабындағы қысқы жем-шөп қорын жинау жұмысымен танысты.

Кездесуге, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекші маманы қатысты.

Кездесу барысында, аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов ауыл тұрғындарына егістік алқабындағы бау шөптерді орып, қысқы мал азығын жинап алуға мүмкіндік беріліп отқанын айтты.

Кездесу соңында, аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына халыққа түсіндіру-ағарту жұмыстарын жүргізіп, қысқы жем-шөптің жеткілікті мөлшерде жинауды және тиісті шараларды дер кезінде ұйымдастыруды тапсырды.

Шиелі ауданының әкімдігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: