Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі Бөгенде жұмыс сапарымен болды

01.12.2022, 10:15 398

 HALYQLINE.KZ Аудан әкімі Серік Сермағамбетов жұмыс сапарымен Бөген ауылдық округінде болды. Онда Серік Сағитжанұлы «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Жоба-сметалық құжаттарда қаралған негізгі жұмыстардың бірі Арал теңізінің солтүстік бөлігінің тұздылығын азайту мақсатында Тұщы, Сарытерең, Қарашалаң-1, Қарашалаң-2 каналдарына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу болатын. Осыған орай қазіргі кезде Бөген ауылдық округінде орналасқан «Сарытерең» каналын қазу басталды. Аталған жұмыстар нәтижесінде 1500 гектардан аса шабындық аумақты суландыруға және Кіші Арал теңізін суға толтырып, теңіз суын тұщытуға мүмкіндік болмақ.

Айта кетейік, «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының жалпы құны 4 582 012,050 мың теңге. Бүгінде құрылыс жұмыстарын бастау үшін тапысырыс беруші мен мердігер арасында шарт жасалған. Соған сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға қазіргі кезде 20 дан аса техника мен 40-қа жуық адам жұмылдырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: