Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аты-жөнімді қалай өзгерте аламын?

07.10.2021, 15:20 276

HALYQLINE.KZ ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез келген себеп болуы мүмкін. Біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.⠀

Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.⠀

Қажетті құжаттар тізімі:⠀

– белгіленген үлгідегі өтініш;⠀

– жеке басын куәландыратын құжат;⠀

– 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.⠀

Мелекеттік БАЖ көлемі:⠀

– аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК;

– аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК. Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.⠀

Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік БАЖ төлемінен босатылады. ⠀

Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.⠀

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: