Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Атамекендік» балалар өрт сөндіру бөліміне саяхаттады

11.11.2021, 15:45 511

HALYQLINE.KZ  «Атамекен» балалар ауылы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне саяхат жасады. Өрт сөндірушілер балаларға мектепте және тұрмыста өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, 112 шұғыл қызметтердің бірыңғай шақыру нөмірі, 101 өрт сөндіру қызметінің нөмірі туралы айтты. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер қаланың өрт сөндіру қызметінің тарихына тоқталды. Бұл саяхат балалардың есінде көпке дейін қалары сөзсіз. Өрт сөндірушілердің жұмысы туралы Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Самат Нұрғалиев балаларды қарсы алып, бөлім жұмысымен таныстырды.

Өрт сөндірушілер сабақ өткізіп, емтихан тапсыратын оқу сыныбын көрсетті. Саяхат соңында балалар өрт сөндіру автокөліктері тұрған өрт сөндіру бөлімінің көлікжайын қарап шықты. Балаларға көліктер туралы, олар не үшін және қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қалаушылар көлік кабинасында отыруға мүмкіндік алып және өздерін отпен күресетін ержүрек азамат орнында отырғанын көз алдарына елестетті.

Саяхат аяқталып қалды, ал балалар өрт сөндіру бөлімінен кеткісі келмейді. Мұнда олар көптеген жаңа нәрселерді біліп, жағымды әсер алды. Сонымен қатар, бөлім ауласына арнайы балалар үшін ұйымдастырылған жедел құтқару жасағының техникаларымен, сүңгуірлердің киімі мен жұмысы туралы да кең көлемді ақпарат алды. Шара барысында биік қабатты ғимараттарға шығу, тілсіз жаумен алысу айла-тәсілдері, өрт сөндіру және құтқару техникалары мен құрал-жабдықтары, үйінділер астындағы зардап шегушіні алып шығу, күрделі орындарға кіру тәсілдері оқушыларды тәнті етті.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: