Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысымен кездесті

17.01.2024, 17:20 145

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына іссапармен келген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Қуанышбек Үштаевпен кездесті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кездесуде Қызылорда облысының аумақтық қорғанысын нығайту және дамыту бағытындағы мәселелер талқыланды.

Қуанышбек Өскенбайұлы Сыр өңіріне сапары барысында Қызылорда гарнизонымен танысып, 16-18 қаңтар күндері аумақтық қорғаныс бригадасы өткізетін командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуына қатысады.

Аймақ басшысы аталған іс-шараның маңыздылығын айтып, оқу-жаттығудың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: