Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аяқталды

30.06.2023, 10:35 161

HALYQLINE.KZ Осы жылдың маусым айының 30-ы күні көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аяқталады. Осыған сәйкес, 700-ден астам қызылордалық ер-азамат еліміздің ҚР Қарулы күштерінде және басқа да әскери құрылымдарында Отан алдындағы борышын өтеуге жіберіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жасақтау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары, подполковник Жасұлан Шанкұлов хабарлады.

– Сыр елінің азаматтарын көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары күні ертең аяқталатын болады. Қазіргі таңда азаматтарды әскери қызметке жіберу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Оның ішінде азаматтарды медициналық және психологиялық тексерістерден толықтай өткізіп, іріктеудеміз. Ерекше айта кететін жәйт, Отан алдында өз борышын өтеп келген азаматтар жоғары оқу орындарына ақысыз, ҰБТ тапсырусыз түсе алады. Бұл ретте үздіктердің үздігі атанған сарбаздар жоғары оқу орындарында тегін білім алатын болады. Бұдан бөлек, әскерге дейінгі несиесі бар азаматтардың берешегі 13 ай көлемінде уақытша тоқтатылатын болады, – деді Жасұлан Шанкұлов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: