1 тамызда Алматы қаласындағы Ақкент шағын ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар тұрғын үйдегі лифт шахтасында электр кабельдері жанып жатқанын анықтаған. Сағат 19:00-ге таман ТЖД өрт сөндірілгенін хабарлады.
Өрт салдарынан бір әйел қаза тауып, 43 адам зардап шеккен, олардың көбі – бала. Мұны Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, бір әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған. Бірақ департамент оның қандай жағдайда жарақат алғанын айтпаған. Интернетте жарияланған оқиға орнынан түсірілген видеоларда тұрғындар өз-өздерін құтқарып, жоғарыдан секірген.
Қазір төрт бала реанимацияда бөлімінде, тағы төрт бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілген. Үш баланың ата-анасы балаларын ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 12 ересек науқас қалалық стационарларға жеткізілген, оның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілген.
Өрт аймағында жүрген адамдардың айтуынша, тұрғындарға өрт шыққан жерге жақын жерде жүрген құрылысшылар көп көмеген тигізген. Солардың техникасымен үйдегі адамдар шығарылған. Балалардың төбеден лақтыру арқылы аман алып қалған.
Түркия азаматы жанқиярлық әрекет жасаған.
– Кранның жетпейтінін білдім. Сол жерден баспалдақты алдық. Баспалдақ қауіпті болды. Дос балалар көмектесті, рақмет. 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірдім. Қорқу туралы мүлде ойламадым, – деді ол.
Төмендегі видеода құрылысшылар мен тұрғындардың адамдарды өрттен қалай құтқарып жатқандығы көрсетілген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!