Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі

18.07.2023, 9:48 193

HALYQLINE.KZ

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға өседі, деп хабарбарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

– Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады.  ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады.

Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген. Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды. 

Жалпы осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Абай облысындағы өртте орманшылардың мардымсыз жалақысы мен керек-жарағының жоғы дүйім елге әшкере болған. Өрт 60 мың гектардан астам жерді шарпып, салдарынан 15 адам қаза тапты. Полиция өкілдері 15 адамның 1-еуі жүрек талмасынан қайтты деген шешім шығарып, өртке қатыссыз деп таныды.

ҚР Бас прокуротурасының орныбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында өртке жауапты барлық лауазымды тұлғалардан жауап алынатынын айтқан. Қазір «Семей орманы» резерваты мен Жаңа Шүлбі бөлімшесінің басшылығы күдікті ретінде танылып, үйқамаққа алынған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: