Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Маңызды мәселелер қаралды

02.06.2026, 17:25 50

Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары туралы» және күн тәртібінен тыс мәселелер қаралды. Бұл жиындағы міндеттер бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Елімізде халықтың жағдайы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен «Отбасының цифрлық картасына» жинақталып отыр. Бұл — қазақстандықтардың әл-ауқатын анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе. Сондықтан оны терең талдап отыру маңызды. Бұл бағыт бойынша қалада нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, қажетті шараларды әлде де ширатып, күнделікті есеп жасап отыру керек деді шаһар басшысы.

Қазірде қаланың және оған қарасты кенттер мен ауылдық округтердің санитарлық тазалығы күнделікті бақылауға алынған. Дегенмен, кейбір мекемелер мен кәсіпкерлік нысанның иелері, тұрғындар тазалық талабын орындамай, абаттандыру қағидаларын бұзып, қала келбетіне нұқсан келтіруде. Оларға тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынуда.

— Бұған дейін де қаланың және елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру, стихиялық қоқыс орындарының алдын алу және абаттандыру ісін күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстар өз деңгейінде жүргізілгенімен, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төгу фактілері азаймай отыр. Сондықтан полиция басқармасымен бірлесіп, күнделікті тәулік бойы бақыланатын рейдтік шаралар ұйымдастыру қажет,-деді Нұржан Сәбитұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: