Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көмір тасымалдайтын вагондардың жетіспеушілігі байқалуда

04.11.2021, 15:45 344

Бүгінде Шиелі ауданындағы 147 әлеуметтік нысанға жылу берілді. Оның 23-і сұйық отынмен қамтылса, 100 мекеме қатты отынның көмегімен жылытылуда. Аудандағы 24 әлеуметтік нысанның жылу жүйелері мен бу қазандықтары газға қосылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов ауданғы жылу маусымының барысын баяндады.

«Аудандағы әлеуметтік нысандарға барлығы 9 мың тоннаға жуық қатты отын қажет болса, бүгінде аталған нысандар 100 пайыз көмірмен қамтамасыз етілді. Аудан тұрғындарына 13 мың тонна қатты отынның 10 700 тоннасы жеткізілді. Қазіргі таңда қоймаларда әлеуметтік нысандарға берілетін 500 тонна көмір қоры сақталуда. Дегенмен, көмір тасымалдайтын вагондардың жетіспеушілігі байқалуда. Осыған орай көмір жеткізуші мекемелермен қосымша 8 мың тонна көмір әкелу үшін келісім жасалды. Ал газға қосылған нысандар «Қаз Транс Газ» АҚ қажетті 614 556 текше метр газға келісімшарт жүргізілді. Шиелі ауданында әлеуметтік сала бойынша жылу беру маусымы жоспарға сай өтуде», – деді Ерсұлтан Амантайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: