Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанға -18 градусқа дейінгі аяз қайта оралады

15.04.2026, 11:20 29

HALYQLINE.KZ

Синоптиктер 16-18 сәуір аралығында ел аумағында күн райы қандай болатынын айтты.

Метеорологтардың мәліметінше, 16-18 сәуір аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді:

* батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта қатты жауын-шашын әкеледі;

* кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлері солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, соған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

Кезеңнің басында солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8°С-қа дейін, күндіз +1…+8°С-қа дейін төмендейді.

Кезеңнің соңында шығыста түнде -2…-18°С-қа дейін төмендесе, күндіз 0…+13°С шамасында болады.

Елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Үсік. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: