Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Академик: «Қазақ қол беріп амандаспаған»

15.05.2021, 11:00 636

HALYQLINE.KZ  Қазақтың табиғатында, тарихында, өмірде қол алыспаған. Тек ғана кездескен уақытта иіліп қана сәлем береді. Сондай көркем, мәні терең. Мұның астарында сыйластық та, құрмет те жатыр. Жүрегіңді қолыңмен ұстап сәлем беру – біздің тарихи, қазақтың байырдан келе жатқан жай ғана түсінігі емес, осылайша сәлем берудің әсемдік жағы жатыр.

Ал қол беріп, қалай болса солай бара салу деген – ол тым дөрекі. Қолды қай кезде береді. Қазақта ертеректе қолды үлкен адам өзі ұсынса ғана береді. Ал жөні жоқ қол алысу – біздің тарихымызда, табиғатымызда болмаған жағдай.

Қол ұстасып сәлем берудің қажеті жоқ. Біздің тарихымыздың инабаттық көрінісін жаңғыртуымыз керек. Ол дәл осы кезеңге сай келіп отыр.

Төрегелді Шарманов,

академик

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: