Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшуды тоқтатты

13.07.2026, 14:50 51

Air Astana авиакомпаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың ушыға түсуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты.

Тоқтатылған рейстердің қатарында 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы бағыты, сондай-ақ 14 шілдеге қарастырылған КС 205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері бар.

Авиакомпанияның мәлімдеуінше, жолаушылар билет құнын толық көлемде сатып алған жері бойынша қайтара алады. Сонымен қатар 12–18 шілде аралығындағы рейстерге билеті бар азаматтар үшін оны 31 шілдеге дейінгі мерзімге тегін қайта брондау мүмкіндігі қарастырылған. Кестедегі келесі өзгерістер туралы қосымша хабарланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: