Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әркім өзін-өзі сол тезге салса, түзелсе керек!

20.06.2021, 15:15 296

HALYQLINE.KZ Жалған дүниеде оңарлық, ілгері басарлық, жанды-жақты, малды-басты боларлық жолды тауып бере алмаған надан ақірет жолын қалай тауып береді деп жүрсіңдер?! Үшбу 1914 жылының февраль ішінде «Қазақ» газетасының нөмірінде Ыбырай марқұмның бір өлеңі бар екен. «Ғақыл – мен, жан мен өзім, тән – менікі» деген.

Нөгербектің Әміресі шәкірттерден сұраса, білмейді. «Ендеше осы сөздің мәнісін үйреніңдер» деп сол нөмірді шәкірттерге беріпті. Шәкірттер барып молдасынан (мұғалімінен) сұраған екен, сонда молдасы (мұғалімі): «Сендер мұндай газет-жорналдағы сөзге жолаушы болмаңдар! Мұндай сөз сендерді бұзады. Өздерің оқу оқып жүрсіңдер, содан басқа жаққа бұрылмаңдар» депті. Кәне, Ыбырай сөзінеде кісіні түземесе бұзатұғын сөзді мен көре аламадым. Міне, наданшылық. Олардың ығына Ыбырай марқұмдардың сөзі – бір құрылған тез. Әркім өзін-өзі сол тезге салса, түзелсе керек!

Мәшһүрдің ғибрат сөздері

64 мәтін. Абайдың сөзі туралы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: