Алғыс айту – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік және өз ара сенімділік пен құрмет көрсету. яғни күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, сенің жан дүниеңде болып жатқан қиыншылығыңды бірге бөлісіп, бір сөзбен айтқанда «жайылсаң жастар жастық, көсілсең көлденең көрпе» бола білген барлық жандарға шын көңіліммен алғысымды білдіріп, жүрек жарды жылы лебіз сөзін жеткізуі деп білемін.
Адам баласы болғаннан кейін пендешілікке салынып біліп иә білмей жақындарымыздың көңіліне қаяу салып жататынымыз да рас. Мен жақтан қандай да бір қателік кетсе, осы орайды пайдалана отырып кешірім сұрауды жөн көрдім. Уақыттың көзді ашып-жұмғанша тез өтетіні рас, көп нәрсенің ұмытылатыны да рас. Бірақ өмір бірақ рет беріледі деген баршамызға аян қағида бар. Ол қандай заманда, қандай жағдайда өтсе де бәрібір қымбат.
Жанымызда және айналамызда жүрген жақсы жандардың қадірін білу керек деп ойлаймын. Сол себепті барынша айналамыздағылардың таңдай қағып сүйсінетіндей қасиеттерін өне бойыма сіңіре отырып, жағымсыз қылықтарын дұрыс шешім қабылдау арқылы түсіністікпен қарауға тырысамын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы «1 наурыз – Алғыс айту күні» ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында арнайы бір күнді бекітіп, жоғары деңгейде мерекелеуді үрдіске айналдырған елдердің біріміз.
«АДАМ БАЛАСЫ АДАМ БАЛАСЫНАН АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, АР, МІНЕЗ ДЕГЕН НӘРСЕЛЕРМЕН ОЗАДЫ» – деп Абай Құнанбайұлының жыр шумағында айтылғандай, ең алдымен «жақсы адамдар» десе, ойыма бірінші анам, бауырларым, туысқандарым және екінші әріптестерім түседі.
Анамның орны ерекше, өмірден озса да шексіз жақсы көремін, өйткені маған жаны ашитын жандардың бірі болған. Шыр етіп өмір есігін ашқаннан бері барлық қажеттілігімді тауып беріп, ешкімге қол жайып мұқтаж қылмай «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» әлпештеп тәрбиелеген, ешкімнен кем қылмай қатарымның алды қылып өсірген әрине, бұл – менің анам!
Анаға – өмір сыйлағаны үшін, екіншіден Ұжымға – жылы құшағы мен ыстығы мен суығында үнемі жанымда болып демеу көрсеткені үшін алғысым шексіз.
Өз ісінің мамандары, Қоғамымыздағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші маман қызметі. Күн сайын табиғи апат салдарынан туындайтын немесе қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау салдарынан туындайтын өрттермен бетпе бет келіп, тілсіз жаудың «тілін табуға» тырысатын маман иелерінің қызметі шын мәнінде оңай емес.
Авариялық – құтқару жұмыстары – адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды іздеу, Төтенше жағдайлар аймағында қалған халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, төтенше жағдайлар аймағында және әскери іс-қимылдары кезінде қоршаған ортаны қорғап, оқшаулап, басып немесе оларға тән қауіпті факторлардың әсерін мүмкіндігінше ең төмен деңгейге жеткізу бойынша іс-қимылдарға аянбай қызмет етіп жүрген жандарға алғыс айтпау, дінімізге, тілімізге және салт-дәстүрімізге жат дүние.
Сондықтан «жанымда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғалардың мерейінің үстем болуын шын жүрегіммен тілеймін. Мен үшін үлгі тұтарлық жандар сіздерсіздер:
Қызылорда облысы ТЖД басшысы а.қ.полковнигі Р.С.Қайрақбаев;
Қызылорда облысы ТЖД басшысының орынбасары а.қ.полковнигі С.Ш.Молдақараев;
Қызылорда облысы ТЖД басшысының орынбасары а.қ.полковнигі Б.Ш.Ізбасаров;
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысы а.қ.полковнигі Н.Ж.Ибрагимов
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысының орынбасары а.қ.подполковнигі Ә.С.Баякеев
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысының орынбасары а.қ.полковнигі Н.Н.Жанәбіл
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысының орынбасары Б.С.Ембергенов
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысы а.қ.полковнигі Н.Ж.Ибрагимов
Қызылорда облысы ТЖД Арал ауданының ТЖБ-нің басшысы а.қ.майоры Д.Н.Шәкен
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Арал ауданы №3 МӨСБ басшысы а.қ.майоры З.А.Қалжанов т.б. аты аталмаған барлық ұжымға рақметімді айта келе сіздерге тілерім:
Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!
Отбастарыңызға бақ орнасын!
Ырыс-несібе үйлеріңізден кетпесін!
Ұл-қыздарыңыз аман болсын!
Абыройларыңыз асқақтай берсін!
Ізгі тілек, жылы лебізін білдіруші:
С.Б.Ибраймов,
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Арал ауданы
№3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі
басшысының орынбасары а.қ.капитаны
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!