Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әріптесіміз жеңімпаз атанды

16.11.2020, 17:40 713

HALYQLINE.KZ «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан ауыл әйелдерінің III республикалық форумы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Аталған жиын пандемия жағдайына байланысты 14 өңірде онлайн режимде ұйымдастырылды. Шараға еліміздің 11 облысынан іріктелген делегат мүшелері мен 163 ауылдық елді мекеннен 2700-ге жуық ауыл әйелі қатысты.

«Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» осымен екінші жыл қатарынан БАҚ арасында Қазақстанда 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ – 2030) іске асыруды насихаттау бойынша республикалық конкурс өткізіп келеді. Аталмыш конкурсқа «Халық» газетінің жауапты хатшысы, әріптесіміз Нұрбике Құдайбергенова да қатысып, «Баспасөз бетіндегі ең үздік материал» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынды еншіледі.

Форум аясында БАҚ өкілдері арасында өткізілген байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Конкурсқа интернет-ресурста жарияланған – 57, баспа бетінде жарияланған – 43, радиодан – 28, теледидар бағдарламасынан – 16, телесюжеттен 22 жұмыс қабылданған. Олардың ішінен конкурстық комиссия 15 өтінімді іріктеп, жүлделі орындарды табыстады.

«Халық» газетінің ұжымы

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: