Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адалдық сабағы: «Ғани – Шығыстың шоқ жұлдызы»

11.10.2021, 16:30 259

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы №3 IT мектебінің базасында 1-11-сынып аралығындағы облыстың барлық орта мектеп оқушыларына «Адалдық сабағы» өтті.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші оынбасары Ғалия Әлімқұлова, Қазалы аудандық музей өкілі Роза Шорақызы, «Ұрпақтан ұрпақ жалғасы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Алмагүл Божанова «Шығыстың шоқ жұлдызы – Ғани» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді.

«Адалдық сабағы» тарихтағы ізімен де, жасаған ісімен де елдің есінде қалған, жарқ еткен шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевқа арналды.

Ғани Мұратбаев 1902 жылы дүниеге келіп, бар болғаны 23 жыл өмір сүрді. Бір қоғамдық формациядан екінші қоғамдық жүйеге көшу кезінде қызмет еткен Ғани заман көшіне ілесе білуде өз қатарларынан ілгері тұрды. Сол уақыт талабын жете түсіне отырып, оны басқаларға жеткізуде өзінің қайрат-жігерін, білімін пайдалана білді. Бұл – қуақы арманға алданбай, арзан атаққа жалданбай жалғаннан жарқырап өткен Ғани Мұратбаевқа бейнелі сөздері. Қаламды жанына серік етіп, жастардың жүгін көтерген тұлға.

«Жастардың білімге ұмтылуы мені қуантады, себебі білімді жастар ғана парасатты орта, кемел орда қалыптастырады» деген, Ғани Мұратбаевтың сөзін қолдай отырып, Департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова бүгінгі ұрпаққа деген сенімін білдірді.

«Адалдық сабағы» барысында «Ұрпақтан ұрпақ жалғасы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Алмагүл Божанова, Ғани Мұратбаевтың бір ғасыр бұрын айтқан «Заманның қожасы да, тұтқасы да – жастар» деген қанатты сөзі – жастардың білім алып, әлеуметтік өркениет жолына түсуіне, саяси санасының өсіп-жетілуіне өз үлесін қосып, халқының өркениеттік жолға түсуі үшін міндетті түрде ғылым мен білім ең өзекті қажеттілік екендігін алға тартты.

Сабақ барысында Роза Шорақызы Қазалы аудандық Әйтеке би кенті Ғани Мұратбаев мұражайының экспонаттарымен таныстырып, арнайы әзірлеген Ғани Мұратбаев музейінің бейнеролигі көрсетілді.

«Таңшолпандай жарқ етіп өте шыққан Ғани Мұратбаев артында өшпес із қалдырды. Ал оның ерлік істері қай кезде де жастарға үлгі, өнерге болуы тиіс» – деп облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова ашық сабақты қорытындылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: