Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

4575 қазақ отанына оралды

10.04.2023, 15:45 191

2023 жылдың басы мен 1 сәуір аралығында 4575 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше келушілердің 52,4 пайызы Өзбекстаннан, 19,3 пайызы Қытайдан, 13 пайызы Ресейден, 6,3 пайызы Түркіменстаннан, 5.3 пайызы Моңғолиядан және қалған 3.7 пайызы өзге шет мемлекеттерден келген.

Қандастардың 27,9 пайызы Алматы облысына, 13,9 пайызы Маңғыстау облысына, 6,8 пайызы Түркістан облысына, 11 пайызы Астана қаласына, 9 пайызы Алматы қаласына,  5 пайызы Жамбыл облысына, 6,5 пайызы Шымкент қаласына, қалғандары өзге облыстарға қоныстандырылды.

Келушілердің 69,1 пайызы еңбекке жарамды жаста, 22,3 пайызы еңбек жасына толмаған, ал 8,6 пайызы – зейнет жасында.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, 1991 жылдан бері 1 миллион 111,1 мың қазақ тарихи отанына оралған.

halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: