Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

30 жылда 1 млн қазақ елге оралған

13.05.2021, 12:27 369

HALYQLINE.KZ 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 76,1 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ресми мәліметке сүйенсек, осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан келген. Қалған бөлігі ҚХР-дан, Түрікменстаннан, Моңғолиядан және  басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында қоныстанған.

Мамыр айындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 24,6%-ды және зейнеткерлер 18,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары, 39,8%-ының арнайы орта, 45%-ының жалпы орта білімі бар және 4,1%-ының білімі жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: