Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2022 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

24.12.2021, 15:25 525

HALYQLINE.KZ

Электрондық үкімет порталында 2022 жылға арналған күнтізбе жарияланды. Күнтізбеде келер жылы ел тұрғындары түрлі мерекеге байланысты қалай демалатыны көрсетілген.

2022 жылдың 1-2 қаңтары сенбі, жексенбіге түседі, сәйкесінше дүйсенбі мен сейсенбі күндері демалыс болады. Ал 5 қаңтар – алғашқы жұмыс күні.

Сонымен бірге, 7 қаңтар демалыс күні, өйткені қазақстандықтар Рождество мерекесін атап өтеді.

Ақпан айында мейрам жоқ, дегенмен наурыз айында тұрғындар екі мемлекеттік мерекені – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін атап өтеді.

2022 жылы 8 наурыз сейсенбіге түседі. Сол себепті азаматтар 2 күн қатарынан демалуы үшін 5 наурыз, сенбіні жұмыс күні ету туралы шешім қабылданған. Яғни, елімізде 7-8 наурыз күндері демалыс болады. Ал Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 3 күн қатарынан – 21 мен 23 наурыз аралығында демалады. 24 наурыз – жұмыс күні.

Сәуір айында да мерекелік демалыс күндері жоқ, бірақ мамыр айының алғашқы күні мерекеден басталып, елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. 1 мамыр жексенбіге түсетіндіктен, мерекелік демалыс дүйсенбі, 2 мамырға ауыстырылады.

Одан бөлек, ел тұрғындары 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күнінің құрметіне 7-10 мамыр аралығында демалады. 11 мамыр – жұмыс күні.

6 шілде, сәрсенбіде ел тұрғындары Астана күнін тойлайды, сәйкесінше бұл күні де қазақстандықтар демалады.

2022 жылы Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түседі, дегенмен мерекелік демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.

30 тамыз, сейсенбі күні еліміз Конституция күнін атап өтеді. Осыған байланысты сенбі 27 тамыз – жұмыс күні, ал дүйсенбі 29 тамыз демалыс күні болады.

Желтоқсан айының бірінші күнінде тұрғындар Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Ал Тәуелсіздік күнінің құрметіне орай қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан төрт күн демалады. 20 желтоқсан алғашқы жұмыс күні болады.

Фото: egov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: