Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1414 бірыңғай байланыс орталығына 10 жыл толды

26.11.2021, 17:00 37 0

HALYQLINE.KZ Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Қызылорда қаласында орналасқан 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Осы жылдың мамыр айының 29 күні облыс орталығында 1414 бірыңғай байланыс орталығының Қызылорда қалалық бөлімі ашылды. Мұндай орталық осыған дейін Республика бойынша Нұр-Сұлтан қаласында ғана болған.

Азаматтар электронда үкімет порталымен жұмыс істеген кезде ақпаратты немесе қызметті алу барысында қиындыққа кезігеді. Осы жағдайда пайдаланушылар «Call-орталық», «Кері байланыс» және «1414 нөміріне» қоңырау шалу арқылы, кеңес және көмек ала алады.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Қызылорда қалалық Бірыңғай байланыс орталығының жалпы штат саны 109 құрайды, бүгінде бөлімде штат бойынша 92 қызметкер бар. Оның 4-еуі – мүмкіндігі шектеулі жан.

Ашылғалы бері аталған орталыққа азаматтардан 747 мың 108 қоңырау келіп түскен. Яғни, 1 күнде келіп түскен қоңырау саны 7686-ге жуық, 1 күнде 1 қызметкер шамамен 90-130 қоңырау қабылдайды.

Осы жылдың мамыр айы мен қыркүйек айы аралығында 1414 бірыңғай байланыс орталығының ең үздік қызметкерлері шілде айында Қуандықова Айтолған – 3514, тамыз айында Айдарбек Ақниет – 3403, қыркүйек айында Шонай Азиза – 3115, қазан айында Айсаутова 3234 қоңырау қабылдаған.

Бейнеқоңырау ХҚО ЫАЖ-дегі оператор саны – 7. Жұмыс орны тиісті жабыдықтармен толық қамтылған. ЦОН мобильды қосымшасы арқылы, 24 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Бірыңғай байланыс орталығы Қызылорда қаласы Н.Назарбаев даңғылы 11 мекенжайында орналасқан. Ғимарат көлемі 392,7 шаршы метр құрайды.

«Қазақтелеком» арқылы 100 мб жылдамдығы бар интернет желісімен, ХД платформасы арқылы жұмыс атқарылуда.

Еліміз бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығы 2011 жылғы 29 қарашада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ call-орталығының базасында құрылды. Call-орталық Нұр-сұлтан қаласында ашылды және бірінші жылы онда 20 оператор жұмыс істеді. Бүгінде орталық қызметіне 10 жыл толып отыр.

ББО алдына алғашында мына мақсаттар қойылды:

* мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарға кеңес беру

* Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар бойынша ақпарат ұсыну

* «бір терезе» қағидаты бойынша байланыс орталығы арқылы азаматтардың мемлекеттік органдармен байланысы

2018 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бірыңғай байланыс орталығы порталда виртуалды консультантты енгізді Egov.kz. клиенттер арнайы чатта виртуалды кеңесшіге хабарласып, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпаратты мәтіндік түрде ала алды. Жасанды интеллект технологиясының көмегімен құрылған чат-бот әлеуметтік желілер мен мессенджерлер (Telegram, VK, Facebook) арқылы бірқатар мемлекеттік қызметтерді көрсете алды.

120008, Қызылорда қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 48 тел./факс: 8(7242) 23-44-35, 23-48-19 e-mail: kense_kyzylorda@goscorp.kz 120008, город Кызылорда, проспект Абая Кунанбаева, 48 тел./факс: 8(7242) 23-44-35, 23-48-19 e-mail: kense_kyzylorda@goscorp.kz

2021 жылдың сәуір айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорациясына 1414 бірыңғай байланыс орталығын берген болатын.

Биылғы жылдың жазында Қызылорда, Қостанай, Көкшетау және Петропавл қалаларында бірыңғай байланыс орталығының бөлім кеңселері ашылды.

Қазіргі уақытта бірыңғай республика бойынша барлық байланыс орталығында 353 оператор жұмыс істейді, олар 690 Мемлекеттік қызмет, 243 сервис және 10 ақпараттық-коммуникациялық қызмет бойынша кеңес береді.

Сондай-ақ, клиенттерге Ashyq қосымшасы бойынша вакцинация туралы ақпарат ұсынылады, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін ХҚКО қызметкерлерінің үйге баруы бойынша өтінімдер қабылданады. ББО-ның өзекті деректер базасын қалыптастыру үшін 26 мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды.

Қазіргі уақытта бірыңғай байланыс орталығы күніне орта есеппен 75 мың сұрауды өңдейді. Өңделген сұраныстардың рекордтық саны -100 мың қоңырау. Бірыңғай байланыс орталығының өткізу қабілетін арттыру үшін клиенттерден қоңырауларды ғана емес, аудио және бейне хабарламаларды да қабылдауға мүмкіндік беретін бірыңғай арналы платформаға көшу жүргізілді. Оператордың жауабын күту уақыты 16 секундқа дейін қысқарды, мәзірден кейін жоғалған қоңыраулардың пайызы және 30 секунд күту – 1%, тұтынушылардың қанағаттанушылығының орташа бағасы бес балдық шкала бойынша 4,78 баллға дейін өсті.

10 жыл ішінде бірыңғай байланыс орталығының операторлары 40 млн астам өтініш қабылдады. ББО WSIS PROJECT PRIZES халықаралық байқауының жүлдегері, EN 15838 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатының иегері болып табылады. 2017 жылы Бірыңғай байланыс орталығы «Хрустальная гарнитура» халықаралық байқауының «мемлекеттік органдар мен ТКШ секторында халыққа қызмет көрсету бойынша үздік орталық» номинациясы бойынша жеңімпазы атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: