Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Той мен ой

07.06.2023, 11:14 645

Той – халықтың қазынасы. Той – қуаныш пен шаттықтың ордасы.
«Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген сөз бар. Расында, тойдағы мәселелер аз айтылып жүрген жоқ. Қазақтың тойы – ұлттық тәрбие бесігі болған. Біз ежелден тойқұмар елміз. Ел болып, әулет болып жиі бас қосып тұру бауырмалдықты арттырады. Әдет-ғұрыптың, салт сананың, өнердің бағын ашатын бақ сынайтын кезі той үстінде өткен. Ал қазіргі тойлардың түр-түсі бөлек, мазмұн, маңызы да өзгеше. Жаңашаланды деп жүргендеріміз де бар. Жалықтыратын, жалпақшешейлікке, батыстық та, шығыстық та емес, әркім ойына келгенін істейтін шараға айналып бара жатыр қазіргі қазақтың тойы. Яғни, соңғы жылдары қазақтың тойы тәрбиелік мәнінен айырылып, бақталастықтың, ысырапшылдық пен астамшылықтың алаңына айналды деген пікірлер көп айтылып жүр. Той – ұлт мәдениетінің, салт-дәстүрінің көрінісі. Сондықтан олқылықтарымызды таразылап, тойдың тәрбиелік маңызын арттыратын жолдарын қарастыруымыз қажет.

Қазіргі қазақтың тойы бос мақтан мен дарақылыққа толы. Қалталы қауымнан қалыс қалмауым қажет деген қаншама қазақ қарызға батып той жасап жүр. Бүгінгі қазақ тойының басым көпшілігінің мақтан қуып кеткені жасырын емес. Жақында ғана келін түсірген қала тұрғыны Самал Дәрібаева мейрамахананы жалдауға – 500000, қыз бен жігіттің киім-кешегіне – 200000, асаба жалдау – 150000, фотосессия, «Love story» – 200000, қонақтардың сый-сияпаты, одан бөлек тойдың ұсақ-түйегімен 1,5 – 2 миллион теңге жұмсалды дейді.

Қазір той өткізу бәсеке айналған. Бір той екіншісін қайталамауға тиіс. Сол себептен де қазақтың тойында да күн сайын жаңа нәрсе пайда болуда. Ал оған кететін шығын да сәйкесінше көп. Қаржының көбі осындай ұсақ-түйек дүниеге кететіні тағы бар. Жігіт жағы да, қыз жағы да,соңғысын беріп шашылуға бейім, көптеген тойлар несиеге жасалып жатқаны да құпия емес. Дарақылық, бір-бірімен жарысу, «ел не дейді?» деген сасық кеуде, құр мақтан басып тұр. Кейде, осындай жағдайы бар азаматтар, аспаннан ақша шашып, өзінің байлығын көрсету үшін дүркіретіп той жасап жүрген жоқ па деген де ой туындайды. Олай дейтінім Бір күндік қызыққа 300-500 адамды жинап дүркіретіп той жасайды. Шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той» деп сәби өмір есігін ашқаннан бастап думандату – қанымызға сіңген қалпымыз.: – Сүндет той, келін түсіру, үйлену тойы – маңызды тойлардың бірі. Оны дүркіретіп өткізуге болады. Себебі, бұл тойды жасау–ата-ананың парызы. Ал, қалған тойларды шағын түрде, жақын туған-туыстардың арасында ұйымдастыруға болады. Қазір кішкене нәрселерді себеп тауып тойлатуға дайын тұрамыз. Тұсау кесу, үкі тағу, сырға салу, құдалықтың өзі бір той болып кетті. Тіпті мүшел жасты тойлайтын болдық. Әйтеуір сылтау тауып, той жасап жатқан сияқтымыз, – дейді асаба Қ.Тұрлыбек.

Айта берсек, «тойдың жыры» бітпейді. Сондықтан біреудің сөзіне, сынына қаламыз ғой деген ойдан аулақ болу керек. Адам көрпесіне қарай көсілу қажет. Қазақтың тойы бітпесін деп жүргенімізде, сол той түбімізге жетпесін.

Фарида ЕРТУҒАНҚЫЗЫ,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың студенті 2-курс студенті

Фото ашық интернеттен

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: