Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдарияның табаны көрініп жатыр

24.07.2020, 17:45 529

Әлемдік ерте өркениет өзен бойларында басталған­. Су – тіршілік көзі. Яғни, халықтың өзен бойында егін шаруашылығым­ен айн­а­лысуы бүгінге дейін жалғасып келеді.­ Біздің Сыр бойында халқымыз ертеден диқан­шы­лықпен айналысып, ұлттық мәдениетіміз бен өркениет­ дамып, «Сыр елі – Алаштың анасы» атанды. Бірақ, бұрынғыдай суы тасып, құм арасына жайылы­п жатқан дария жоқ. Сырдарияның табаны­ көрініп жатыр. Енді біз судың әр там­шысы­на  жауапкершілікпен  қарап, аз қал­ған­ суды тасытпай, берекесін кетірмей, үнемдеп пайдалануды  жолға  қоюымыз  шарт.

Құмды жерден мыңдаған жыл бойы аққан Сырдария бұрылып, ирек ағатын болған­. Әрине, бұрылып ирек аққан су көктемгі тасқында өзен жиегінен асып, құр босқа ысырап болады. Егер дария бұрылып аққан жерден төте (сызбадағыдай – автор) етіп, шағын арық қазылса, жыл сайын көктемгі өзен суы тасыған кезде ол арықтан аққан су екі жақ жағалауын опырып, кеңейіп дария қалпына келуі мүмкін. Сыр өзені кедерг­ісіз түзу әрі үнемді ағып, оның тасу қаупі сейіледі. Су басу қаупі бар бұрылыстан арық қазып, сынап көрсек, бұл көп қаражат­ талап етпейді. Талай жылдан бері көктемгі тасқын судан азаптанып және оған қарсы жыл сайын миллиардтаған қаржы бөліп, әлекке түсіп келдік. Сондықтан оған қарсы оңай әрі тиімді жолын ұсынып едім. Әрине түзу, тез аққан өзен суы үнемделіп су басу  қаупі  аз  болатыны  анық.

«Егінге су жоқ» деп көп айтамыз. Бірақ, құнтсыздықтан егін алқаптарына аққан судың бей-берекет ағып, көл болып жатқан жерлер жоқ емес. Судың да сұрауы бар. Жауа­п бересің. Егер суды үнемдеп пайдалансақ, өңірімізде егін алқаптары үш-төрт есе кеңейіп, ауылдар дамуын жалғастырар еді. Ең бірінші қажеттілік – ауыл өнімдері. Сүт өнімдерінің бағасы жыл сайын қымбаттауда. Азық-түлік мәселесі бойынша біз эконом­икасы дамыған алдыңғы қатарлы елде­р қатарындамыз. Бұған келісейік. Кезінде­  әлемнің барлық еліне  тараған сыған­  халқы  тек  ауыр климатты қазақ  еліне­ ғана беттей алмаған екен. Өйткені ол кезде сүт өнімдері мол болып, халқымыз әртүрлі климаттық қиыншылыққа шыдамды бол­ған. Ал бүгінде ол денсаулыққа аса пайдалы қымыз бен қымыран (шұбат) және ешкі сүттері тым қымбаттап кетті. Әлемді індет жайлаған кезде мұндай сүт өнімдері аурудан сақтайды. Сауын малдары мен лақтарды соймау керек. Ал, ауылдарды дамыту үшін оған мол су қажет. Жер үй аулаларында бір-екі ешкі бағып, сүтін балаларға ішкізіп, әлемдік климат бұзылған кезде киелі қанымызды сақтап қалайық. Екі ешкіге жем жетеді­. Бұл  да – қосымша  өнім.

Шекаралас Өзбекстанда каналдар мен арықтардың бәрі толықтай дерлік бетон­далған. Жер көлемі біздің бір аудандай болаты­н егіннен бос жер жоқ Ферғана өңірінде он миллионнан астам адам жасайды. Ал, егін алқабына келіп жатқан су көлемі біздің қазіргі судан тым аз. Себебі, олар суды үнемдеп пайдаланады. Олар тек қыста ғана егін алқабын толтырып суарып жерді тыңайтады. Енді біз де климатымызға шыдамды етіп мұның тиімді жағын тапсақ деймін. Яғни, тиімді тәсілдерді қолдансақ. Бізде дариян­ың суы жерасты құмдарымен алыс таралып, ысырап болып жатыр. (Мұндай жерлерге қабірді терең қазуға болмайды.) Бүгінге дейін өзіміз ішіп келген осы жерасты­ суын насостармен тартып шағын егін жер телімдеріне пайдалануға болады. Адам санын­ың өсуіне сәйкес азық-түлік те мол болуы керек. Бұл қиын мәселе емес. Жал­қаулықты қойып, ниет еткеннің қолынан келеді.

Қоғамды  жұмыссыздық  жайлаған  тұста халық азық-түлікке ауылда тұрып-ақ қол жеткізсе аса тиімді. Елімізде жеңіл өнер­кәсіпті ауылдар дағдарысты түрлі деңгейде реттеуіне мүмкіндігі бар. Ауылдар мен қалааралық ішкі экономикалық байланыс та жақсы дамыған. Қазіргі кезде әлемде миллиардқа жуық адамдар аштықтың азабын тартып  отыр. Сондықтан, ынта көрсетіп алға түсіп кетуіміз керек. Міне, еліміздің саяс­и-экономикалық және мәдени-қоғамдық дамуын­да жеңіл өнеркәсіптің біздің ауылдық  жерлер  үшін  ықпалы  зор.  Ендігі  қадам – кідірмей ауыл құрылыстарына назар­ аудару. Күзгі және көктемгі жауында өсетін мол өнімді күзгі бидай көп су талап етпейді. Егінге осылай жауын суын пайдаланып, ағын суды үнемдейік. Кейбір егін өнімдерінен мемлекетке түк пайда түспесе де, сырттан келетін өнімдерге тосқауыл болып­, сыртқа кететін ақшаларды сақтап қалады.

Көктемгі егін маусымы басталып, дария суын каналдарға жіберген кезде өзен балықтары каналдар мен арықтарға өтіп кетеді. Сондықтан шлюз қақпасынан олардың дарияғ­а қайта өтуіне жағдай жасау керек. Әйтпесе жыл сайын уылдырық шашқан дария­ балықтары кері қайта алмай, өзен балықта­ры  тым  азайып  кетуі  ықтимал. Егін маусымы  аяқталып, каналдар бөгелген кезде­ көлшіктер мен арықтарда қайырлап қалған майда балықтарды водовоздармен жыл сайын дария мен тоғандарға тастап тұру керек. Сырдың суын Арал теңізіне де құлама етіп құйғаннан гөрі сатылы етіп түсіріп, яғни балықтардың тұщы суға өтіп уылдырық шашуын­а мүмкіндік жасаған дұрыс. Әйт­песе, балық уылдырықтары тұзды теңіз суынд­а  күйіп  кетеді.

Бекназар  ӘБСАДЫҚОВ,

Қызылорда  қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: