Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанға АЭС керек пе?

09.09.2021, 13:00 459

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде АЭС салу қажеттілігі туралы өз ойын білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысы Ресейде өткен «2021 жылғы Шығыс экономикалық форумына» онлайн қатысу барысында мәлімдеді.

«Менің ойымша, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС қажет», – деді ол. Президенттің ойы мен сөзін халық пен сарапшылар талқылап жатыр. Сонымен Қазақстанға АЭС керек пе?

Президенттің АЭC-ке қатысты ойын Ресей бастамасымен өткен форумда айтуына қарап, атом станциясын Мәскеу салуы мүмкін деген болжамдар бар. Алайда Ресейдің ғылым мен білім, жаңа технологияны игеру деңгейі артта қалғандықтан, АЭС сапасына сарапшылар тарапы­нан  күдіктің  туындауы  заңдылық.

Мысалы физика-математика ғылымдарының кандидаты Эльдар Кнар:

«АЭС салу Қазақстан тарихындағы ең қауіп­ті, қатері мол және тәуекелі көп жоба болмақ. «Росатом»  түркиялық Марсинде 2018 жылы АЭС сала бастады. 2018 жылы сарапшылар АЭС іргетасында көптеген жарылуларды анықтады. Түріктер «Росатом»-ға екінші Чернобыльдың пайда болуына қарсы екендерін айтып еді, олар іргетасты қайта қалады. Бірақ, іргетастағы жарылулар араға уақыт салып, қайта пайда болды.

Африкада АЭС мүлде жоқ. ОАР бір АЭС-ті есепке алмасақ әрине, АЭС-ті кедейлік пен жемқорлық жаулаған жерде ешқашан салмайды.

Балқаш пен Балқаш аймағының атом электр станциясына байланысты болуы мүмкін қайғылы жағдайымен салыстырғанда, Арыс трагедиясы жай ғана баланың ойыншығы істеттес болып қалмақ. Әрине, бұл үлкен және орта шенеуніктерге еш қатысы жоқ. Олардың екінші шетелдік төлқұжаттары мен шетелде шоттары бар. Олар психикалық тұрғыда Қазақстанда болмағанына өте көп болды. Ал Қытайға немесе Швейцарияға саяхат үшін олар кез келген уақытта ашық әуе билеттеріне ие. Қазақстандық олигарх шенеуніктер радиациядан өліп жатқан Балқаш пен Балқаш аймағының тұрғындарына Швейцариядан, Лондоннан және Сингапурдан жеделхат жібереді: «Біз сендермен біргеміз!» дейтін болады. Бірақ, біз, қазақстандықтар, ешқайда кетпейміз, осыны есте ұстау керек, бұл өте маңызды.

Жемқор, кедей және артта қалған Қазақ­станда атом электр станциясындағы кіші, үлкен және жаһандық апаттар сөзсіз болады», – дейді.

АЭС-ке қатысты өзге де сарапшылар өз ойларын білдіріп жатыр. Энергетика бойынша сарапшы, экономист Әсет Наурызбаев былай дейді:

«АЭС-те кадрлар мен қауіпсіздік шығын­дары әлдеқайда жоғары. Капитал шығындарынан басқа, тұтастай алғанда «қырғиқабақ соғыс» кезінде сағатына атом энергиясын өндіру арзан болды. Сондықтан, олар сәнге айналған еді. Қазір басқа  уақыт.

Егер біз ядролық клубқа кірмейтін елдерде ядролық қару жасау туралы айтпайтын болсақ, атом электр станциялары тек экономиканың мүддесі  үшін  салынып  жатыр.

Атом энергиясы жөніндегі агенттікті құру қажет. Тренинг туралы ойланыңыз. Бұл энергетикалық университеттер қажет екенін білдіреді. Бұл шығындардың барлығын станция өтемейді. Оларға салық төлеушілер төлейтін болады. Бұл – ешкім есептемейтін қосымша ауыртпалық пен шығындар деген сөз. Жалпы, АЭС экономикасы өте нашар. Және ол нашарлай береді. Өйткені соңғы жылдары атом энергия­сының  бағасы  тек  өсуде».

Осылайша сарапшы АЭС энергиясын алу соңғы жылдары тым шарықтап кеткенін айтып отыр. Сондай-ақ, сарапшы АЭС салмай-ақ, Қазақстандағы электр станциялары елді толық қажетті энергиямен қамтамасыз ететінін айтып отыр. Қайта өңделген энергия көздері де оны  арттыра  түспек.

Әлеуметтік желі қолданушысы Ботагөз Иса Ресейдің АЭС салуына қарсылығын білді­ріп, былай  деп  жазды:

«Неліктен қазақ атом станция салуға қарсы? Ол – Ресей жобасы, келісім бойынша оны Ресей салады, іске алғаннан кейін ресейліктер өздері басқарады, тек жұмысшылар қазақтар болады.

РФ-ның арам пиғылын білеміз, Қазақстан билігіне қысым жасайтынын, қазақтарды «нацист» деп қаралайтынын білеміз. Біздің билік оларға 5 млрд доллар береді. Кейін АЭС Ресей басшылығында болса, бізге өте үлкен қауіп төнеді. Біз неліктен оларға  жем  болуымыз  керек?

ҚР билігінен ешқандай жауапкершілік көрмейміз. Сақталуда жатқан қару-жараққа ие бола алмай, 15 адам қаза тапты. Ел аман, жұрт тынышта осылай болды. Ал енді қазақ елінің дәл ортасында  атом  станция салса, үлкен трагедия болуы  әбден  мүмкін.

Сол себептен РФ шекарасында емес, Қазақ­станның дәл орталығында салып жатыр. Және де  атом  станциясы жұмыс істеген кезде Балқаш  өзеніне  үлкен  қауіп  бар, суы азаяды, балық  уланады».

Әрине, бұл қауіп әр қазақтың көкейінде жүргені рас. Тағы бір желі қолданушысы Ася Асеткина:

«АЭС Қазақстан аумағында салынғанымен, іс жүзінде Ресейдің экономикалық, энергетикалық, қаржылық мүддесін көксейтін станция ғана  болатыны  айдан  анық.  Және де ол АЭС салынып, егер (әрине бетін аулақ салсын), ертеңгі күні апат бола қалса, зардабын көретін Ресей емес, біз  боламыз.

Бұл – біздің экологиямызға, біздердің адам өміріне алапат қатер төніп тұр деген сөз. Қазақс­тан билігі халықпен санаспай, қоғаммен ақылдаспай пайдасынан зияны орасан осындай жобаларды жасап жатыр, қазақтың болашағына  балта  шауып  жатыр!

Сондықтан да, болашақ үшін, өз балаларымыздың ертеңі үшін түбегейлі қарсы екенімізді жаппай білдірейік, ағайын! АЭС салудың Қазақ­станға  керегі  жоқ», – дейді.

Қоймалар бейбіт күнде атылып, 15 шаңырақ қара жамылған сәтте, атом станциясын салу­дың қаншалықты қауіпті екенін сарапшылар мен қарапайым халық сезіп те, біліп те отыр. Оны ғылымы артта қалып, жемқорлығы алға кеткен Ресей салса, тіпті, күдік арта түс­пек. Сарапшылар «Қазақстанға АЭС салудың қажеттілігі аз, жел мен күн энергиясы да жеткілікті» деген сәтте, АЭС-ті салу арқылы Ресей­дің қолына қысым «рычагын» ұстатқандай  болмаймыз   ба?!

Асхат  ҚАСЕНҒАЛИ,

саясаттанушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: