Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төсек қатынасы туралы ең үлкен өтірік қандай?

06.02.2021, 9:00 3063

HALYQLINE.KZ

Канадалық ғалымдар жыныстық қатынас төңірегінде айтылып жүрген ең үлкен өтірікті әшкере етті, деп жазады mke.ee сайты.

Зерттеушілер жыныстық қатынас артық салмақтан арылуға көмектеседі деген тұжырым шындыққа жанаспайтынын айтуда.

Олар калорийлер жыныстық қатынас кезінде азайғанымен, салмақ тастауға әсер ететіндей жеткілікті деңгейде жоғалмайтынын алға тартты.

«Жыныстық қатынас спортты алмастыра алмайды. Себебі, төсек қатынасы 6-10 минутқа ғана созылады. Ал арықтау үшін спортпен аптасына кемінде екі сағат айналысу керек», – дейді мамандар.

Төсек қатынасынан әйелдер әрі кеткенде 69 калорий, ал ерлер 100 калорий жоғалтатыны анықталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: