Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері және одан арылу жолдары мен тәсілдері

21.09.2022, 10:25 1783

Қорқыныш – қатты қорыққаннан пайда болатын және мүмкін болатын қауіпті сезінуімен сипатталатын үрейлену мен мазасыздану жай-күйі.

         Күнделікті өмірде, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде адам қорқыныш эмоциясымен соқтығысады. Ересек адамдарға қарағанда балаларда қорқыныш басымырақ болады. Психолог төтенше жағдайға шыққанда балалардың қорқыныш күйін, олардың сөйлеу арқылы немесе жылау арқылы, сонымен қатар сурет салдырту арқылы анықтайды. Соңғы орын алған төтенше жағдай 13.06.2018 ж. көпқабатты үйдегі қылтиманың өртенуі болды. 7 жасар Аңсар атты бала және оның 6 жасар Дильназ атты қарындасы өрттен қорқып қалған. Оларды өрт сөндірушілер оқиға орнынан алып шығып шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасына тапсырып жатқанында балалар «Бізді қайда алып кетеді?, Бізді полицейлер алып кетпейді ме?»,-деп қайта-қайта сұрап қатты қорқып қалған. Белсенді тыңдау әдісі мен физикалық байланыс орнатылып, пластинография, мандалотерпия, арттерапия әдістері арқылы жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардан соң балалардың ата-анасы алғысын білдірді.

Адамның жағымсыз эмоциясы жалған немесе шынайы қауіптен дамитын ұзақ немесе қысқа эмоционалды процестен көрініс табады. Айта кететін жайт, қорқынышқа жауапты реакция ретінде аса күшті мазасыздықты туындататын адамның санасыз немесе ойластырылмаған әрекеті болып табылады. Қорқыныштың себептері жасырын және шынайы болады. Шынайы себептерін адам есінде сақтамайды. Ашық қорқыныштарға балалық кезден, мысалы ата-ана қамқорының тым көптігі, психологиялық жарақаттың салдары, балалық шақта ата-ананың балаға ұнатқан затын алып бермеуі, моралды конфликтілер немесе шешілмеген проблемалардан туындаған қорқыныштар.

         Адам бойындағы жағымсыз эмоцияның салдары: аса нервтік қысым, сенімсіздіктің эмоционалды күйлері, адамды қашуға, құтқаруға ынталандыратын қорғауды іздеу. Егер адамда қысқа мерзімдік, сонымен қатар кенеттен тітіркенуден болған аса күшті қорқыныш туындаса, оны шошу деп атайды, ал ұзақ тым көрініс таба қоймайтын құбылысты мазасыздық деп атайды.

         Қорқыныштың белгілері: жоғары тершеңдік, жүректің жиі соғуы, диарея, көз қарашығының үлкеюі немесе кішіреюі, зәр ұстамауы, жүгіртпе көзқарасы, мәжбүрлі түрде сөйлемеу, пассивтілік, әрекеттен бас тарту, сенімсіз мінез-құлық, сөйлеу ақауының туындауы, жағымсыз әдеттер. Бұл белгілер биологиялық қорқыныш немесе өмірге қауіп төнген кезде көрініс табады. Қорқынышты сезінетін адамдардың толыққанды өмір сүруіне кедергі жасайтын көз алдына елестер көрінеді. Өте күшті жағымсыз эмоция кезінде туындайтын сезінулер: ситуацияны бақылау мен адекваттылық жоғалады, ішкі тынығу немесе ступор болады.

         Қорқыныш әртүрлі көрініс табады, бірақ ортақ қасиеттері де бар: мазасыздық, түнгі қорқыныштар, тітіркенушілік, күдіктену, пассивтілік, жылау. Қорқынышты кез келген белгілері бойынша бөлуге болады. Мысалы, Карварский атты психиатр адамның неден қорқатынына қарай келесідегідей қорқыныштарды бөліп көрсетті: кеңістіктен қорқу (мысалы, ашық немесе жабық кеңістіктен қорқу, тереңдіктен және биіктіктен қорқу); әлеуметтік фобиялар (ол қоғамдық өмірмен байланысты, мысалы, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу қорқынышы); нозофобиялар (кез келген аурумен ауырып қалудан қорқу); танатофобия (өлім қорқынышы); сексуалды қорқыныштар; өзіне және туысқандарына зиян келтіру қорқынышы; «контрастты» фобиялар (мысалы, «құдай алдында қызмет ету кезінде ұятқа қалдыратын бір әрекет жасап қоямын ба деген») қорқыныш; фобофобиялар (бір нәрседен қорқу қорқынышы). Қорқыныштардың түрлері: әлеуметтік, биологиялық, экзистенциалды. Биологиялық топқа адам өміріне қауіп төнумен байланысты жайттар жатқызылады. Әлеуметтік топ әлеуметтік әлеуметтік статустағы қорқыныштарға жауап береді. Экзистенциалды қорыныштар адам интеллектісімен байланыстырады және ол рефлексия шақыртады. Мысалы, уақыт алдындағы қорқыныш, адам өмір сүруінің маңыздылығы алдындағы қорқыныш. Бұл принципке сүйене келе: өрттен қорқу биологиялық категорияға, сахна алдындағы қорқыныш – әлеуметтік, өлім қорқынышы экзистенциалды қорқынышқа жатады.

         Қорқыныш кезінде көмек көрсету түрлері:

  • Адамды жалғыз қалдырмаңыз. Қорқынышты жалғыздықта өткеру қиынға соғады.
  • Адам неден қорқатындығы туралы айтыңыз. Мұндай әңгіме қорқынышты тек ұлғайтады деген пікір бар, бірақ ғалымдар өз қорқынышын айтып тастаса, мықтырақ, күштірек болмайды деп дәлелдеген. Егер де адам неден қорқатынын айтып жатса, оны қолдап, сол тақырыпта әңгіме қозғаңыз.
  • Не пытайтесь отвлечь человека фразами: «Ол туралы ойлама», «Бұл жай ғана нәрсе», «Бұл ақымақтық» және т.б.
  • Адамға бірнеше тыныс алу жаттығуларын ұсыныңыз:

1. Қолыңызды асқазан тұсына қойыңыз; байыппен тынысыңызды жинаңыз, алдымен төсіңіздің, содан соң ішіңіздің ауаға толғанын сезініңіз. 1-2 секундқа ауаны іште ұстап қалыңыз. Дем шығарыңыз. Алдымен ішіңіздегі демді, содан соң кеудедегі демді шығарыңыз. Бұл жаттығуды байыппен 3-4 рет қайталаңыз. 

2. Терең дем алыңыз. Деміңізді 1-2 секундқа ұстап қалыңыз. Демді шығара бастаңыз. Байыппен дем шығарыңыз, дем шығарып жатқанда 1-2 секундқа үзіліс жасаңыз. Терең дем шығаруға тырысыңыз. Бұл жаттығуды байыппен 3-4 рет қайталаңыз. Егер адамға бұл ритммен демалу қиынға соқса, бірге дем алу жаттығуын жасаңыз. Бұл оны тыныштандыруға, сонымен қатар оның жанында сіз бар екендігін сезінуге көмектеседі.

Әрбір адам өз қорқынышынан арылуға қабілетті, әйтпесе оған өз мақсаттарына, армандарына, жетістікке жету қиынға соғады. Кез келген позитивті эмоция қорқынышты жеңуге, ал жағымсыз эмоция тек қана кедергі жасайды.

ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы»

 ММ Қызылорда облысы бойынша

 филиал психологы Ж.Досаева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: