Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмаділдаевтың ұлы жеңімпаз атанды

24.04.2020, 18:30 603

HALYQLINE.KZ –| Осыдан бірер күн бұрын Алматы қаласы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Сағын Жұмаділдаев «Junior Programming Contest 2020» жеңімпаз атанды. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі сүйіншілеп жазды.

«Бүгін «Junior Programming Contest 2020» информатикадан республикалық сайысының финалдық кезеңі қорытындысы жарияланды. Жеңімпаз болып Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Сағын Жұмаділдаев танылды», – делінген хабарламада.

«Junior Programming Contest 2020» – 7-сынып оқушыларына арналған екі кезеңде өтетін спорттық бағдарламалау бойынша жарыстар. Еске сала кетейік, Сағын Жұмаділдаев – белгілі ғалым, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаевтың кенже ұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: