Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады?

18.08.2020, 9:00 620

HALYQLINE.KZ Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған:

2020-2021 оқу жылының басталуы – 1 қыркүйек 2020 жыл;

1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады, 2-11 (12) сыныптар – 34 апта.

Оқу жылының демалыс кестесі: 1-11 (12) сыныптар үшін: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл), қысқы каникул – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл – 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі каникул – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);

1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл).

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген болатын.

«Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сол себепті демалыс кестесі өзгертілмейді», – деп түсіндірген министр.

1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші сынып қарастырылған.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: