Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа оқу жылына дайындық барысы баяндалды

23.07.2020, 15:50 579

 HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова жаңа оқу жылын ұйымдастыру барысындағы дайындық мәселелерін баяндады.

Қабылдау барысында жаңа оқу жылын қашықтан оқытуды ұйымдастыру, білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту және білім нысандарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары талқыланды. Айту керек, биыл өңірдегі 243 мектеп қашықтан, ал қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде оқитын болады. Кездесуде басқарма басшысы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектеп әжетханаларын ғимарат ішіне көшіру, білім беру ұйымдарын бейнебақылаумен қамту бойынша жұмыстарын сөз етті.

Өз кезегінде облыс әкімі жаңа оқу жылын жүйелі ұйымдастыруда нақты шаралардың іске асырылуын, негізгі мәселелерді шешуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: