Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Университет проректоры Халықаралық редакциялық кеңес құрамына енді

28.12.2021, 10:10 592

HALYQLINE.KZ «Болашақ» университеті 2013 жылдан бастап Қазан қаласында орналасқан «Молодой ученый» журналымен байланыс орнатқанын көпшілік біледі. Бұл байланыстар аясында университет пен баспа бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, семинарлар, конференциялар, симпозиумдар және т.б. бірлесіп өткізуге, ынтымақтастық мәселелерінің барлық кешені бойынша жарияланымдармен алмасуға келіскен болатын. Нәтижесінде осыдан 8 жыл бұрын «Молодой ученый» журналында алғаш рет қазақ тілінде ғылыми мақалалар жариялана бастады. Байланыстар шеңберінде университет ұйымдастыратын арнайы нөмірлердің шығуын күтпей-ақ апта сайын қазақ тілінде мақалалар жариялау үшін журналдың «Молодой ученый Қазақстан» бөлімі ашылды. Бүгінгі таңда баспамен байланысты «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты сәтті жалғастырып келеді.

Жақында Қызылорда «Болашақ» университетінің стратегиялық даму және экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Д.Досманбетов «Молодой ученый» журналының Халықаралық редакциялық кеңес құрамына енді. Алдағы уақытта оқу орны ғылыми қызметті жүзеге асыру барысында алынған зерттеулер нәтижелерін әлемдік ғылыми қауымдастықта қабылданған рәсімдерге сәйкес таратылатындығына сенімдіміз. Сонымен қатар, университет пен баспа ғылыми материалдар және әдебиеттермен, оның ішінде жарық көрген әдебиеттермен алмасуды жалғастыратын болады.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: