Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұстазыңды құттықта» байқауының жеңімпаздары анықталды

20.10.2021, 10:50 302

HALYQLINE.KZ Кеше облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова «Ұстазыңды құттықта» акциясының жеңімпаздарымен онлайн форматта кездесіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің естелік сыйлықтарын табыстап, алғыс хаттармен марапаттады.Естеріңізде болса, мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықта» байқауын ұйымдастырған болатын. Акцияға қатысушы әрбір шәкірт әлеуметтік желіде #Ұстазыңдықұттықта хэштегін қолдана отырып, өз ұстазына деген жүрекжарды лебізі мен естеліктерін жариялады. Аталмыш челленджге аймағымыздан барлық білім беру ұйымы да белсенді қатынасты.

Акция қорытындысымен облыс бойынша ең ерекше деп танылған 10 пост авторы үздік деп танылды. Ал, республика көлемінде үздік атанған екі құттықтаудың бірі – Қызылорда қаласындағы Серәлі Лапин атындағы №261 мектеп директоры Қарлығаш Әбдіраманованың өз ұстазын құттықтаған бейнеролигі болды.

Облыс көлемінде үздік шыққан пост авторларын арнайы алғыс хаттармен марапаттаса, ұстазы Азиза Исахаеваға жылы лебізін білдірген республикалық акция жеңімпазы Қарлығаш Әбдірахмановаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» сериясынан кітап және естелік кәдесый табыстады.

“Бұл челлендж біздің облыста кең көлемде өткізілді. Өз ұстаздарын республикамызға танымал азаматтар, қоғам белсенділері, басшылар, эстрада жұлдыздары, мектеп түлектері мен оқушылары құттықтады. Осы челленджге қатысқан барша қатысушыларды және республика бойынша ерекше пост жазып, үздіктер қатарынан көрінген жеңімпаздарды шын жүрегіммен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін”, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: