Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҰБТ: Қызылордада алғашқы күні ең жоғарғы 130 ұпай жинады

23.06.2020, 8:35 597 0

HALYQLINE.KZ

Кеше Қызылорда облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім сынағының бірінші күні Шиелі ауданында ұйымдастырылды. Тестілеу пунктіне 174 оқушы қатысты. Оның 1-еуі өз еркімен бас тартты. Сынаққа кірген 2 оқушы тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін БҒМ өкілдерінің шешімімен аудиториядан шығарылды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.

Білім сынағы карантин жағдайында ұйымдастырылғандықтан, түлектер бетпердемен қатысып, арақашықтықты сақтады. Алғашқы күнде ең жоғарғы 130 ұпайды №41 мектептің оқушысы Диас Қиянбекұлы еншіледі. 27 оқушы 100-ден аса ұпайды жинады.

Түлектер жауапкершілікті және арнайы талапты қатаң сақтады. 4 сағатқа созылған тестілеуде негізсіз әрекеттер болмады.

Айта кетейік, Ұлттық тестілеу кезеңінде оқушыларға калькулятор пайдалануға берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: