Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекке ноутбук табысталады

13.05.2020, 16:59 1159

Ұлттық бірыңғай тестілеудің ең жоғары балл, яғни 140 ұпай жинаған мектеп оқушысына ноутбук табыс етіледі. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұл фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

– ҰБТ-да 140 ұпайды әділ жинаған әрбір осы жылғы түлек керемет, супер-заманауи, 4 жылда ескірмейтін, соңғы модельдегі ноутбукты сыйлыққа алады! Айту керек, тестілеу барысының әр бейнежазбасы мұқият талданады,-дейді Дидар Смағұл.

Қызылорда облысы білім басқармасының мәліметінше, Қызылорда облысында 6060 оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Оның ішінде, 5161 бітіруші ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: