Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Taza sessiya» акциясы басталды

30.03.2022, 15:45 374

HALYQLINE.KZ 30 наурызда аймағымыздағы жоғары оқу орындарының 300-ге жуық білім алушысы «Taza sessiya» акциясына қатысады. Акция барысында 1-4-курс студенттері, магистранттар мен докторанттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты сауалнама сұрақтарына жауап береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Медет Жорабек мәлімдеді.

– Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы өзекті мәселе екені мәлім. Білім алушылар сауалнамада берілетін 22 сұрақты бөгде кісілердің араласуынсыз жауап береді. Енгізілген сұрақтар сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты әзірленген. Құпиялық талаптарды сақтау мақсатында жеке сұрақтарды енгізуге қатаң түрде тыйым салынады. Құпиялық талаптарының бұзылуына кінәлі адамдар заң бойынша жауапқа тартылады, – деді Медет Ерданаұлы.

Айта кетейік, сауалнама нәтижелері ҚР Ұлттық және коммерциялық емес акционерлік жоғары оқу орындары арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау үшін жалпылама түрде пайдаланылады.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: