Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тарихшы-ғалыммен кездесу

31.03.2022, 15:30 854

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінің «Тарих, география және қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан тарихы жеті томдық академиялық басылымы Үйлестіру орталығының директоры Ә.Шашаевпен университет пен колледждің тарихшы профессор-оқытушылары және студенттері кездесті.

Кездесу барысында ғалым қазіргі отандық тарих ғылымдарының жағдайына тоқталды. Еліміздің рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тарихшылардың рөліне назар аударылды. Жеті томдықтың жазылу барысын талдай келе, бұл еңбектің 3 тілде жарық көретіндігі айтылды.

Сонымен қатар, ғалым Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қазіргі таңдағы жүзеге асырып жатқан ғылыми жобаларымен таныстырды. Институт пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында магистратура мен докторантураның бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы келісіміне сәйкес оқу орнының студенттерін оқуға шақырды. Кездесу соңында Алматыдан келген қонаққа студенттер тарапынан сауалдар қойылды. Кездесуді тарих ғылымдарының кандидаты У.Ибраев жүргізді.

Пікірлер:
  • Өте керемет кездесу білім алушы үшін де оқытушы үшін де осындай мәнді мағыналы кездесулер ойға ой салады адамның тынысын ашады

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: