Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыңғырлаған соңғы қоңырау

25.05.2022, 11:55 614

Бүгін Қызылорда қаласында Байзақ Момынбаев атындағы №278 мектеп-лицейінде 11-сыныпты 54 түлек бітірді. Оның 2-еуі – алтын белгі, 5-еуі – қызыл аттестат иегерлері. Бітімбай Тұмар – Flex бағдарламасымен шетелде білім алып келген оқушының бірі.

Мектеп директоры Элмира Азатбаева бітіруші жас түлектерге студенттік жолында үлкен табыс пен сәттілік тіледі.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы сөз сөйлеп, түлектерге жылы лебізін білдірді.

«Білімді де, белсенді жастары бар егеменді еліміздің болашағы зор. Саналы да, сапалы белсенді жастары бар еліміздің тұғыры биік, болашағы зор. Жеріміздің гүлденуі сіздердің қолдарыңызда деп нық сеніммен айта аламын. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Мереке құтты болсын!», – деді қала әкімі.

1 сағатқа жуық уақытта соңғы қоңырау соғылып, түлектер мектеппен қоштасты. Алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары ұпай жинап, өмірге серпінмен қанат қағады деп сенеміз.

Данагүл ДҮЙСЕНБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: