Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шопырдың тапқырлығы

17.04.2021, 17:00 745

HALYQLINE.KZ Макс Планк физика саласы бойынша Нобель сыйлығын қанжығасына байлап ел аралайды. Түскен жеріне өзінің жаттанды бір мәлімдемесін айта берсе керек. Ең қызығы, барған жерінде қасынан қалмайтын жеке шопыры оның мәлімдемесін тақпақтай жаттап алған екен.

Бірде әбден зеріккен шопыры әзіл ретінде ұсыныс жасайды. Қысқасы, физиктің орнына мінберде айтатын мәлімдемесін шопыры айтып, физиктің өзі шопырдың кепкасын басына іліп залда отырады.

Айтулы уақытта әзілқой шопыр жұрт алдында кванттық механика жайында айтып тұрады.
Ойда жоқта құлақ түрген тыңдаушы арасынан бір профессордан сұрақ түседі. Сұрауын мұқият тыңдап болған шопыр:

«Мен мына керемет дамыған елде осындай қарапайым сауал туындайды деп ойламаппын. Сіздің рұқсатыңызбен бұл сауалға менің шопырым-ақ жауап бере салсын» депті.

Аударған Дастан Абдырахманұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: