Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын иеленді

30.12.2021, 16:45 525

HALYQLINE.KZ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 7 профессор-оқытушысы ғылым санаты бойынша «Болашақ» бағдарламасының стипендиясын иеленді.

 Алдағы уақытта Академиялық мәселелер жөніндегі проректор міндетін атқарушы, т.ғ.к., профессор Абайбек Жүнісов АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде, Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы Әзілхан Тәжекеев Германиядағы Тюбинген университетінде тағылымдамадан өтеді.

Ал Физика-химия талдау әдістері зерханасының жетекшісі Нұрғали Ақылбеков А.Е.Арбузов атындағы органикалық және физикалық химия институтында, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Самалбек Қосанов К.А.Тимирязев атындағы Ресей аграрлық университеті, Экономика және басқару  кафедрасының оқытушысы, э.ғ.к., доцент Алмакүл Әбдімомынова М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушысы Ақерке Жолмаханова М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Аграрлық технологиялар кафедрасының оқытушысы Жанар Жумадилова Белоруссия мемлекеттік агротехникалық университетінде тағылымдамадан өтетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: