Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық ғалымдар америкалық жобаны ұтып алды

23.02.2022, 14:40 516

HALYQLINE.KZ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жас ғалымдары АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетімен бірігіп, америкалық кеңес тарапынан қаржыландырылатын жобаны ұтып алды. Жас ғалымдарға 10 күн бойы Мичиган мемлекеттік университеті, Джорд Вашингтон, Оңтүстік Дакота, Майн, және Нью-Йорк қаласындағы Пэйс университетерінің профессорлары офлайн форматта дәріс оқиды. Сондай-ақ, жас зерттеушілердің НАСА ғарыштық агенттігінің Қазақстандағы және Орталық Азиядағы қазіргі және келешектегі жобаларына қатысуға мүмкіндіктері бар.

Жобаның тақырыбы – «Қазақстан аумағындағы жоғарғы оқу орындарында экология және қоршаған орта ғылымдар саласында негізі оқу бағдарламаларын дамыту».

«Біздің ғалымдар жоба аясында АҚШ оқу орындарымен тәжірибе алмасып, экология саласының оқытылу процесімен таныспақ. Аталған жоба екі ел университеттері арасындағы ынтымақтастықтың артуына және студенттердің тәжірибе алмасуына ықпал етеді», – деді халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Гүлназия Әлмаханова.

Айта кетейік, жобаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен қатар І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жас ғалымдарының қатысуы жоспарлануда.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: