Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық 26 оқушы олимпиада жүлдегері атанды

05.05.2021, 10:10 387

HALYQLINE.KZ  Сәуір айының 25-30 аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиадаға Қызылорда облысындағы 24 мектептен 56 оқушы қатысып, оның 26-сы жүлделі орыннан көрінді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

Республикалық сайыс барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» форматы бойынша «USTUDY» тестілеу орталығы базасында жүргізілді. Олимпиадаға Сыр өңірінен жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 13 пән бойынша 56 оқушы қатысты. Нәтижесінде облыстан 1 оқушы – І орын, 12 оқушы – ІІ орын, 14 оқушы – ІІІ орын иеленді. Қатысқан оқушылардың 47,5 пайыз жүлделі орын иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: