Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада пән мұғалімдеріне арналған курстар басталды

03.08.2022, 17:51 348

Облыс бойынша пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Оларды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері EdCrunch Academy-мен бірлесіп әзірледі.

Мамандар 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірледі. Бүгінде аймағымызда барлығы 2000-нан астам математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш сынып мұғалімдері мен директорлар, орынбасарлар курстан өтеді.

«Курстар басталған күннен бүгінде жоспар бойынша 150 мектеп директоры және орынбасарлары, 1388 пән мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 420 маманы біліктілігін арттырды. Курстарды бастамас бұрын мұғалімдер цифрлық платформада диагностикалық тестілеуден өтеді. Бұл курстар басталған кезде мұғалімдердің пәндік білім деңгейін анықтау үшін қажет. Тестілеу педагогтердің оқудағы қажеттіліктерін анықтауға және білім беру бағдарламасының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Тестілеу нәтижелері құпия болады және қорытынды бағалауда есепке алынбайтынын еске сала кетейік», – деді .

Курстарды өту қорытындысы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін оқытудың тиімділігіне талдау және олардың алған білімдерін қорытынды бағалау жүргізіледі. Мұғалімдердің сабаққа қатысуы және олардың сабақтағы белсенділігі, мысалы, сыныптағы/топтағы басқа қатысушылармен өзара әрекеттесу, жауап беру және жаңа идеялар мен шешімдерді ұсыну сияқты критерийлер бойынша бағаланады. Содан кейін мұғалімдер қорытынды тест тапсырады.

Тестілеуді сәтті аяқтау – курсты аяқтаудың міндетті шарты. Сертификаттар барлық критерий бойынша шекті балл жинай алған қатысушыларға ғана беріледі.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, пәндік құзыреттіліктерді арттыруға арналған білім беру бағдарламалары педагогтердің кәсіби дамуына және жұмыс сапасына оң әсер етеді. Бұл сонымен қатар жалпы білім сапасына, оның ішінде оқушының біліміне де оң әсерін тигізеді.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: