Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 6443 отбасына уақытша компьютер берілді

13.04.2020, 20:23 417

HALYQLINE.KZ –| Төтенше жағдайға байланысты білім беру ұйымдары қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Барлығы 30 колледж, 293 мектеп.

Электронды құрылғылар жетіспейтін 6443 отбасына мектеп балансындағы компьютерлер уақытша пайдалануға берілді. «Balapan», «Ел арна» телеарналарынан көрсетілетін сабақтармен аймақтағы оқушылардың 54% қамтылған. Жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы бастауыш сыныптардың сабақтары қайталанып көрсетілуде.

​Қызылорда қаласы мен аудан орталықтары және оған жақын орналасқан елді мекен оқушылары 46% немесе 71 254 оқушы «Kundelik.kz», «BilimLand», «Daryn. Online» платформалары арқылы білім алуды бастады.

​Облыс бойынша интернеті және ұялы байланысы жоқ шалғай 25 елді-мекендегі 2646 оқушы «Balapan» арнасындағы телесабақтарымен дайындалады.

Қашықтан оқыту жүйесі бойынша сұрақтарыңыз болса Call-орталықтарға хабарласып жауап алуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: