Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді

13.05.2020, 16:30 1651

HALYQLINE.KZ Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бітіруші түлектер үшін «Аттестат тапсыру» және «Соңғы қоңырау» шаралары 3-4 маусым күндері өтеді. Биылғы ерекшелік – мемлекеттік емтихандар өткізілмейді. Аттестатқа қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады.

Облыс бойынша «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 573 оқушы. Салтанатты шаралар мектептің сыртқы ауласында ұйымдастырылады. Санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Жиынға бітірушілер мектеп формасымен қатысады. Сондай-ақ, үйлерде, кафе, ресторандар да отырыстар өткізу және картежге шығуына қатаң тыйым салынды.

Жалпы, оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруға, мектептерге сыйлық алуға оқушылар мен ата-аналардан, педагогтардан ақша жинауға рұқсат берілмейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: