Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Осы жылы 2 мектеп пайдалануға беріледі

18.11.2021, 12:20 959

HALYQLINE.KZ Қызылорда өңірінде мектеп салу ісі қарқынды. Биылғы оқу жылының басталысымен 748 орындық 3 жаңа мектеп бой көтерген. Жеке мектеп салуға ниетті инвесторлардың қатары артқан. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мектеп салу қарқынын атап өтті.

– Біз жыл сайын жаңа мектеп салу жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеміз. Осы жылдың қыркүйегінде Сексеуіл кентінде 300 орындық 1 мектеп пен Қызылорда қаласында 348 және 100 орындық 2 жеке меншік мектеп аштық. Сонымен бірге Жаңақорған ауданында 4 жеке меншік мектеп іске қосылды. Ал, жыл соңына дейін 300 және 600 орындық 2 мектепті пайдалануға береміз, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл Қызылордада колледж студенттері үшін 475 орындық 3 жатақхана пайдалануға берілген.

Еске салайық, Инклюзивті білім беруді дамыту үшін 47 мектепке дейінгі ұйымдарда, 27 мектепте инклюзив кабинеттері ашылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: