Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: Мектеп формасын кию ережесі өзгерді

12.07.2020, 22:10 933

HALYQLINE.KZ Қазақстанда мектеп формасын кию ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын білім және ғылым министрінің мектеп формасын кию туралы бұйрығы қабылданған.

«Біз бұл бұйрықтан бас тартпаймыз. «Мектеп формасы» ұғымының өзі, оның принципі мен қойылатын талаптары ешқайда кетпейді. Бірақ біз бұл бұйрыққа арнайы тармақ енгіздік: ол ТЖ кезеңіне, карантин, шектеу шараларына немесе тосын жағдайларға қатысты. Дәл осындай жағдайларда біз балаларға мектепке ұқыпты классикалық киімде келуіне мүмкіндік береміз», – деді министр.

«Ата-аналардың қазір мектеп формасын сатып алуға мүмкіндігі болмаса, олар балаларын классикалық және іскерлік стильде әдеттегі киіммен қамтамасыз ету қажет. Осындай шешім қабылдадық. Қазіргі жағдайда біз бұл шешімді маңызды деп санаймыз», – деді Аймағамбетов.

«Бұл шешімді біз ұсыныс ретінде енгізбедік. Біз мұны білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу, оны әділет органдарында тіркеу арқылы жасаймыз. Бұл шешім нормативтік-құқықтық құжат болуы үшін керек», – деп қорытындылады ведомство басшысы.

Abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: