Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық ұстаз үздік атанды

26.12.2020, 15:00 361 0

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысының білім басқармасы мен облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2020» облыстық кәсіби байқауы өткізілді.

Аталған байқау үш кезеңнен құралды.

І тур. «Мен қазіргі заман педагогімін» – қашықтықтан оқыту жағдайында дене шынықтыру сабағын тиімді ұйымдастыру.

ІІ тур. «Мұғалімнің шығармашылық шеберханасы» Авторлық бағдарлама бойынша, Оқу – әдістемелік құрал бойынша және TED форматында қорғайтын педагогикалық идеясы бойынша.

ІІІ тур. «Ұлттық мектеп лигасы», «Денсаулық күні», «Президенттік тесті», мектептегі спорттық іс-шараның өткізілімін таныстыру.

Байқауға қатысқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Батырбек Сыдықов І орын иеленіп, облыстық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2020» байқауының жеңімпазы атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: