Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Педагогтардың құқығы қорғалуда

30.04.2021, 11:30 533

HALYQLINE.KZ  Аймақта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты келіп түсетін өтініштер саны өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға азайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен онлайн брифингте облыс бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова мәлімдеді.

Сондай-ақ, қаңтар айында педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңес құрылған болатын. Жиынның бірінде Жаңақорған және Қармақшы аудандарындағы білім бөлімі басшыларының педагогтарға қатысты мәселелері тыңдалып, бірқатар ұсыныстар берілген.

– Педагогтар тарапынан туындаған мәселерге байланысты білім беру ұйымына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мұғалімдерге түсіндірме беріліп отырылады. Жыл басынан бері әдеп қағидасын бұзған білім беру ұйымының бір басшысына қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі педагогтардың мәселелерін үнемі назарға алып, департаментке қойылатын сауалдарға жауап берілуде. Осыған орай, тиісті мекемелермен өзара іс-қимыл шараларын атқарудамыз, – деді Ғалия Ноғайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: