Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Н.Нәлібаев қажетті мамандықтарға 100 грант бөлді

29.07.2022, 9:30 320

HALYQLINE.KZ Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен 2022 жылға өңірге қажетті мамандықтар бойынша халықтың осал топтары қатарынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдауға облыс әкімінің 100 гранты бөлінді.
Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың төрағалығымен облыс әкімінің грантына студенттерді іріктеу бойынша үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Жаңабаев хабарлама жасап, кеңес мүшелерімен облыс әкімінің грантымен оқытылатын мамандықтар мен жоғары оқу орындарының түрлері нақтыланды.

Облыс әкімінің грантына – Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен шекті деңгейден жоғары балл алған, мемлекеттік грантты иелене алмай қалған, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары қатарынан шыққан балалар үміткер бола алады.

Үміткерлерден өтініш қабылдау жұмыстары 2022 жылдың 5 тамызынан бастап аудандық және Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жүргізіледі.

Облыс әкімінің грантын тағайындау туралы шешімді аудан (қала) әкімдіктерінің жанынан құрылған арнайы комиссиялар қабылдайтын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: